Шахмат чемпионаты: Ян Непомнящий екінші кездесуде қытайлық қарсыласынан басым түсті

Фото: championat.com
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өтіп жатқан әлемдік шахмат тәжі үшін ойынның екінші партиясы Ян Непомнящийдің пайдасына аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еллордада 7 сәуір - 1 мамыр аралығында шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Онда Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағына таласады.

Ойынның екінші партиясы Ян Непомнящийдің пайдасына аяқталды.

9 сәуірде өткен екі шахматшы арасындағы алғашқы партияда тең нәтиже тіркелген еді.

Қазір қос шахматшы арасындағы кездесуде Ян Непомнящий 1,5:0,5 есебімен алда тұр.

Ертең - ресми демалыс күні. Екі шахматшы арасындағы бәсекенің үшінші партиясы 12 сәуірге жоспарланған.

Кездесу нәтижесінде шахматтан әлемнің 17-чемпионы анықталады.