Қазіргі әлем чемпионы – Норвегия спортшысы Магнус Карлсен. Шахмат тәжі үшін ойында оның қарсыласы үміткерлер арасындағы турнирдің жеңімпазы болмақ.
15:14, 28 Қаңтар 2021
Шахмат: Чемпиондық тәж сарапқа салынатын турнир Дубайда өтетін болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 24 қараша мен 16 желтоқсан аралығында Дубай қаласында әлемдік шахмат тәжі сарапқа салынатын матч өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.