ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Белгілі шахматшы Динара Сəдуақасова Қызылордада жергілікті өрендерге бір мезгілде 25 тақтада шеберлік дәрісін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық гроссмейстер Динара Сəдуақасова Қызылордада алғаш рет шеберлік дәрісін өткізді. Сол арқылы ол Қазақстанда шахмат ойынын кеңінен насихаттауға көңіл бөліп келеді.
Ол биылғы жылы еліміздің көптеген қалалары мен облыс орталықтарында бір мезгілде шеберлік дәрісін және турнирлер өткізіп келеді.
Бүгінгі шеберлік дәрісіне Сыр өңіріндегі 1-3 разрядтағы 25 жасөспірім қатысты.
Оның қорытындысы бойынша Динара Сәдуақасова ең қызықты ойын көрсеткен шахматшылар - Сұлтан Аманжол мен жасы ең кіші 6 жастағы Айжұлдыз Қанатқызына өз тартуын жасады. Оларға өзінің биыл желтоқсан айында жарық көрген «Шахмат оқып үйренейік» атты кітабын сыйға тартты.
Биыл шахматтан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қызылордалық Əсел Серікбай алтын медаль жеңіп алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.