Екеуі де Сыр өңірі тарихындағы шахматтан алғашқы ФИДЕ шеберлері, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биылғы жылғы оқушылар арасында Әлем чемпионы, 3 дүркін Азия чемпионы атанған Әсел Серікбай және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Назерке Нұрғали 8-30 қарашада Тарвизио (Италия) қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтетін Әлем чемпионатына дайындалуда. Олар дүбірлі бәсекенің алдында 1-7 қарашада Алматы қаласында болатын оқу-жаттығу жиынына барады
Содан кейін Әсел Серікбай 10-20 желтоқсанда Гуджарат штатында (Үндістан) 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында болатын Бүкіләлемдік Олимпиадада облыс намысын қорғайды.
2018 жылы Әсел мен Назерке Албанияда - Әлем, Тайландта Азия чемпионаттарында бақтарын сынайды.