Шахмат Олимпиадасы: Қазақстан алтыншы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Шахматтан Самарқанд қаласында 46-шы Олимпиаданың алтыншы тур ойындары өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері әрі 5 жеңіс сериясымен келе жатқан Әзербайжанмен жолықты.

Бүгін шахмат Олимпиадасын қолдауға арнайы түрде Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов келіп, Бибісара Асаубаеваның үстелінде салтанатты алғашқы жүрісін жасады.

Ал кездесудің өзінде Алуа Нұрманның жеңісі командаға кезекті 2 ұпай сыйлады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әйелдер. 189 команда

Қазақстан — Әзербайжан 2,5:1,5

Бибісара Асаубаева — Говхар Бейдуллаева
Алуа Нұрман — Гюнай Мамедзаде
Меруерт Камалиденова — Ханым Баладжаева
Зарина Нұрғалиева — Гюльнар Мамедова

Ерлер арасында Қазақстан құрамасы да рейтингте деңгейлес келе жатқан Колумбияны оңай жеңіп, төртінші жеңістерін (1 жеңіліс және 1 тең) тіркеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ерлер. 205 команда

Қазақстан — Колумбия — 3,5:0,5

Денис Махнёв — Сантьяго Лопез Райо
Сауат Нұрғалиев — Эстебан Вальдеррама
Даниал Сапенов — Мануэль Кампос Гомез
Жандос Ағманов — Кристиан Камило Риос Гомез

Енді командалар 1 күндік үзіліске кетеді.

Айта кетейік, 11 турдан тұратын жарыс 27 қыркүйек күні мәресіне жетеді.

Бұдан бұрын Қазақстан шахмат Олимпиадасында қатарынан бесінші рет жеңіске жеткенін жазғанбыз.