Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы 49-орындағы Босния және Герцеговинаны 3:1 есебімен жеңді. Бибісара Асаубаева мен Зарина Нұрғалиева қарсыластарымен ұпай бөліссе, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет өз үстелінде басым болды.
Әйелдер
Қазақстан Босния және Герцеговина - 3:1
Бибісара Асаубаева - Милана Бабич
Меруерт Камалиденова - Маса Бабич
Елназ Қалиахмет - Маса Максимович
Зарина Нұрғалиева - Сара Жакимович
Ерлер арасындағы бәсекеде де отандастарымыз 84-орындағы Нигериядан айласын асырды. Есеп: 3,5:0,5. Құрамадан тек Даниал Сапенов ғана тең түсіп, Денис Махнёв, Алдияр Аңсат және Жандос Ағманов жеңіске жетті.
Ерлер
Қазақстан Нигерия - 3:5:0,5
Денис Махнёв - Абдулрахман Акинтойе Абдулрахим
Даниал Сапенов - Одион Айхоже
Алдияр Аңсат - Барзоломев Еммануэль Охипо
Жандос Ағманов - Одей Гуднесс Екунке
Айта кетелік Қазақстан құрамасы шахмат Олимпиадасын жеңіспен бастаған еді.