НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы жетінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еліміздің ерлер құрамасы 5 тамызда Испаниядан 2,5:1,5 есебімен басым түсті. Олардың қатарынан Ринат Жұмабаев, Арыстанбек Оразаев, Қазыбек Нөгербек тең түссе, Әлішер Сүлейменов жеңіске жетті.
Ерлер құрамасы бұған дейін Ливан мен Латвияны 4:0, Қытай Тайбейін 3:1, Марокко мен Чехияны 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберген-ді .
Дәл осындай есеппен елімізідң әйелдер құрамасы Вьетнамды жеңді. Құрама сапынан Жансая Әбдімәлік қарсыласынан басым түссе, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева мен Назерке Нұрғали тең нәтижеге қанағат білдірді.
Ал, әйелдер құрамасы өткен турда Әзербайжанға 1:3 есебімен жол беріп қойды. Олар бұған дейін Перу, Куба мен Бельгияны 3:1, Гватемаланы 4:0 жеңіп, Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.