Шахмат: Ян Непомнящий - Дин Лижэнь 14-партияда тең түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өтіп жатқан әлемдік шахмат тәжі үшін Ян Непомнящий - Дин Лижэнь кездесуінің он төртінші партиясы тең аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Жарыс ережесі бойынша 14-партияда жеңімпаз анықталуы тиіс еді. Алайда қос қарсылас арасында бұған дейін 6,5:6,5 есебімен тең нәтиже сақталып тұрды.
Сондықтан олардың бірі жеңіске жеткен жағдайда чемпиондық атаққа қол жеткізетін.
Ойын барысында қытайлық шахматшы қателікке бой алдырды. Оны Ян Непомнящий сәтті пайдалана алған жоқ. Нәтижесінде тең нәтиже тіркелді. Қорытынды есеп - 7:7.
Ертең, 30 сәуірде Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасында тай-брейк өткізіліп, жеңімпаз анықталады.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.