Биыл мықты 10 шахматшы қатысқан додада Қазақстан намысын гроссмейстер Бибісара Ассаубаева қорғады. Отандасымыз турнирдегі 9 турдан кейін 5 ұпай жинап, 3-орынға ие болды.
Жүлдегерлер:
1-орын Тан Чжунъи (Қытай) 6,5 ұпай
2-орын Элис Ли (АҚШ) 6 ұпай
3-орын Бибісара Асаубаева (Қазақстан) 5 ұпай.
Сонымен қатар Асаубаева жүлделі орны үшін ұйымдастырушылардан сыйақы ретінде 35 мың АҚШ долларын алады.
Бибісара Асаубаева FIDE Excellence Awards сыйлығына үміткер екенін жазған едік.