Шахматшы Бибісара Асаубаева Батумиде халықаралық турнирде жеңіске жетті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахматшы Бибісара Асаубаева Батумиде халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлады Спорт.кз.

Грузияда «Муниципалитет кубогы - Батуми 2015» халықаралық турнирі өтті.

Басты турнирде Петр Костенко мен Бибісара Асаубаева жалпы 9 ұпайдан 4,5 ұпай жинады.

Бұл ретте Бибісара қыздар арасында бірінші орынды иеленді.