АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің үшінші кезеңінде көш басына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық шахматшы бұл жолы үндістандық Хампи Конерумен тең ойнады. Қарсыласы бұдан бұрын Азия чемпионы атанған тәжірибелі шахматшы еді. Тең ойыннан кейін Бибісара 4,5 ұпай жинап, көш тізгінін жеке-дара қолға алды.
Одан кейінгі орында 4 ұпаймен қытайлық Чжу Цзиньэр келе жатса, үшінші орындағы ресейлік Александра Горячкина 3,5 ұпай еншілеген.
Еске салсақ, бұдан бұрын Б.Асаубаева ресейлік белгілі шахматшы Полина Шуваловадан басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.