АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахматшы Динара Сәдуақасова «HDBank Cup International Open Chess 2017» халықаралық турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл халықаралық турнир 10-17 наурыз аралығында Вьетнам елінде өткен болатын.
Оған әлемнің 21 елінен ең мықты деген 130 шахматшы қатысқан. Екінші орынды әлем чемпионатының экс-чемпионы Антуанета Стефанова иеленді. Үшінші орында сингапурлық Ли Руофан жеңіп алды.
Отандасымыз әлемдік рейтингте жағдайын біршама жақсартып алды. Динара бұл күні әйелдер арасында үздік 30-дыққа енген алғашқы Қазақстандық шахматшы атанып отыр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.