БУХАРЕСТ. Қазақстандық шахматшылар Румынияда өткен әлем чемпионатында 14, 16, 18 жас санаттары бойынша жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Зарина Нұрғалиева алтын медальға ие болды. 18 жасқа дейінгі категорияда Қазыбек Нөгербек күміске қол жеткізді. 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында Аңсат Алдияр қола жүлдегер атанды.
Алуа Нұрманова 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы категорияда 5-орынға ие болды
18 жасқа дейінгі қыздар арасында Лия Құрманғалиева 9-орынды еншіледі.
Турнирге Қазақстаннан барлығы 21 шахматшы қатысты.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.