Шахматта да тактика, шабуыл және қорғаныс бар - Бибісара Асаубаева әскери колледжде
18:52, 22 Ақпан 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бибісара Асаубаева әскери колледж тәрбиеленушілері үшін шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бибісара Асаубаева Ұлттық қорғаныс университетінде армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға арнайы шеберлік сабағын өткізді. Гроссмейстер спорттың ерекшеліктері және оның адам мінезіне әсері туралы айтты.
«Шахмат миды жаттықтырады, зейінді барынша бір жерге шоғырландыруға көмектеседі, шығармашылықты дамытып, проблемаларды шешуге үйретеді. Шахмат та әскери іс сияқты, онда тактика да, шабуыл да және қорғаныс та бар», - деді ол.
Кездесу соңында Бибісара Асаубаева шахматты жаңа үйреніп жүргендермен жылдам партия өткізді.
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі