Он күнге созылған шахмат додасының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 7-ші орынға ие болды. Бірінші орында - Украина, екінші және үшінші орындарды Қытай мен Ресей командалары еншіледі. Бұл чемпионатта Қазақстанның намысын бес шахматшы қорғады. Олар - Гүлісхан Нақбаева, Динара Сәдуақасова, Мәдина Дәулетбаева, Гүлмира Дәулетова және Жансая Әбдімәлік.
Жалпы, Астанада өткен Әлем чемпионатына 10 елдің құрамасы қатысты. Қазақстан Украина, Қытай, Ресей, Грузия, Үндістан және АҚШ командаларына жол беріп, Румыния, Франция және Түркиядан басым түсті.