Шахматтан Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Румыниямен тең түсті
08:21, 07 Наурыз 2013
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Астанадағы «Думан» қонақүйінде өтіп жатқан әйелдер арасындағы шахматтан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Румыниямен тең түсті.
Бірінші кездесуде Динара Сәдуақасова румыниялық Елена Люминита Космамен тең ойнаса, екінші ойында Гүлмира Дәулетова ұтылып қалды. Румыния құрамасы 1,5 ұпаймен алға шығып, Қазақстан құрамасын (0,5 ұпай) артта қалдырған еді. Алайда команда капитаны Гүлісхан Нақбаева намысты қолдан берген жоқ. Ол өз қарсыласы Кристина Адель Фойшерді қыспаққа алып, 48-ші жүрісте румыниялық шахматшыны мойындатты. Сонымен жалпыкомандалық есеп теңесті. Біздің жас спортшымыз Жансая Әбдімәлік болса, өз ойынын тең аяқтады. Екі команда да 0,5 ұпайдан жинап, 2:2 есебімен кездесуді тәмамдады.
Бүгін Қазақстан құрамасы Үндістан командасымен күш сынасады.