АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өтіп жатқан әлемдік шахмат тәжі үшін Ян Непомнящий және Дин Лижэнь ойынының үшінші партиясы тең аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еллордада 7 сәуір - 1 мамыр аралығында шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Аталған бәсеке 14 партияға жоспарланған. Онда Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағына таласуда.
Үшінші партияда қарсыластар тең ойынға қанағат білдірді. Олар 30 жүрісте тең ойынға келісті. Осылайша Ян Непомнящий әзірге алда тұр. Есеп - 2:1.
Кездесу 13 сәуірде де жалғасын табады.
Еске салсақ, Ян Непомнящий екінші кездесуде қытайлық қарсыласынан басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.