«Әрине, моральді және психологиялық жауапкершілікті сезінемін. Мұндай қайғылы оқиға қабырғамызға батты. Бірақ келешекте осындай жағдайдың қайталанбауы үшін қолымыздан келгенін жасаймыз. Маман ретінде мен бұл оқиғаның алдын ала алмадым. Бұл «АМТ» басшылығына қатысты қойылатын сұрақ деп ойлаймын», - деді ол.
Облыс әкімі зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы да хабарлады. Бүгінгі таңда зардап шеккендердің 10-ы медициналық мекемелерде бақылауда. Науқастар барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр.