Шахтадағы жарылыстан жеті адам қаза болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға Украинаның Донецк облысындағы академик Скосинский атындағы шахтада бүгін таңертең орын алды. Бастапқыда төрт адамның қаза тапқаны жайлы хабарланды.

Кейін белгілі болғандай, өрт тағы үш адамның өмірін қиғаны белгілі болды. Болжам бойынша, өрт шахтаның опырылуынан кейін орын алған.

Академик А.А.Скочинский атындағы көмір шахтасы Донецкіде орналасқан, ол «Донецк көмір энергетикалық компаниясының» құрамына кіреді.