«Шахтер» футбол клубына жаңа атқарушы директор тағайындалды

None
ҚАРАҒАНДЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандылық «Шахтер» футбол клубына жаңа атқарушы директор болып 43 жастағы Ерден Халилин тағайындалды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметінен.

Клубтың Директорлар кеңесінің шешімімен жаңа қызметке тағайындалған Ерден Халилин бұған дейін облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған.

Ал «Шахтер» футбол клубының бұрынғы атқарушы директоры Асқар Әбілдаев отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кетіп отыр.