Шахтерлар басшыларын тұтқынға алып, жердің астына түсіп кетті

Фото: None
ПРЕТОРИЯ.  Шілденің 11-і. ҚазАқпарат -    Жүздеген   оңтүстікафрикалық       жалдамалы  жұмысшылар    сегіз басшысын   тұтқынға алды.    Кен өндіруші    шахтада наразылық   шараларын ұйымдастырып  отырған  олар,    кәсіпорын  басшыларынан    өздерін тұрақты  жұмысқа алуды талап  етуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат   ВВС агенттігінің Орыс  қызметіне  сілтеме   жасап.

Шахта     Преторияның  солтүстік-батысында орналасқан.   Шахтерлар  кәсіподағы     жариялап  отырған наразылық   шарасына  400-дей  жұмысшы  қатысуда.