Тұрғындарға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Молодежная көшесіндегі қайта жаңартылған үйден пәтер берілді. Жөндеу жұмыстары біткен пәтерлер қоныстануға дайын. Олардың ішінде 1 үш бөлмелі, 9 төрт және 5 бес бөлмелі.
«Бүгін көптен күткен баспанаға ие болғандардың барлығын құттықтаймыз. Сіздердің үйлеріңіз әрқашан жайлы және жылы болсын! Тек қуаныш, махаббат, бақыт және жақсы көңіл-күй болсын»! - деп Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов жаңа қоныстанушыларды құттықтады.
Қала басшысы шахтинскіліктерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары келесі жылы да жалғасатынын атап өтті.