Шахтинск қаласының оқушылар сарайында 100-ден астам тегін үйірме жұмыс істейді
Бүгінгі таңда оқушылар сарайы – шығармашылық пен шабыттың кең әлемі. Оның қабырғаcында 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар өз қызығушылығы бойынша секцияларға тегін қатысады.
Сарайда көптеген бағыттар бар: зияткерлік-танымдық, ДҚӨ, көркем-эстетикалық, спорттық-сауықтыру, экологиялық-биологиялық, ғылыми-техникалық, азаматтық-патриоттық, туристік-өлкетану, инклюзивті, кәсіптік бағдар беру.
Оқушылар сарайы Шахтинск қаласының барлық оқу орындарымен ынтымақтасады.
«Біз мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беруді интеграциялау бойынша байыпты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Балалар мен жасөспірімдерді қосымша біліммен қамтуды ұлғайту үшін біздің сарайдың балалар бірлестіктері балабақшалар, мектептер және Шахтинск технологиялық колледжі базасында жұмыс істейді», – дейді Оқушылар сарайының басшысы Ирина Шмик.
Мектептерде «Сәттілік тұмары» шығармашылық жобасы жүзеге асырылып отыр.
Оқушылар сабақтан кейін «Қызықты физика», «Орыс тілінің құпиялары», «Зияткерлік ойындар клубы», «Шығармашылық шеберханасы» және басқа да көптеген балалар бірлестіктеріне қатыса алады.
«Болашақты таңдау» бейіналды дайындық бойынша шығармашылық жобаны іске асыру шеңберінде 10-11 сынып оқушылары «Авто ісі», «Автодәнекерлеуші», «Тамақ дайындау технологиясы», «Медициналық білім негіздері», «Шаштараз-визажист», «Киім дизайны» бағыттары бойынша оқытудан өтеді.
Сонымен қатар, екінші корпуста (бұрынғы ОӨК ғимараты) 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған шығармашылық үйірмелер жұмыс істей бастайды.
Бұл «Импульс» жасөспірімдер-жастар клубы және «Живая картина» психодрама студиясы, «Қуыршақтар әлемі» және «Вкусная кухня», «Ойын шеберханасы» және еріктілер клубы. Ал бас ғимарат базасында Media Stream медиастудиясы, «Сөз шеберханасы» (жылдам оқуды үйрену бойынша) және «Домбырамен ән салу» үйірмесі, «АРТиШОК» әдеби-театр студиясы және т. б. ашылады.
«Жас тау-кен құтқарушысы» туристік бірлестігінің базасында «Із кесуші» («Следопыт») үйірмесі жұмысын жалғастырады және «Із кесуші-құтқарушы» («Следопыт-спасатель») клубы ашылады.
«Осы санаттағы балалар үшін біз «Ерекше бала» клубында сабақтар өткіземіз, сондай-ақ арнайы мектеп-интернат базасында әртүрлі балалар бірлестіктері жұмыс істейді: «Қиялдаушылар», «Кемпірқосақ түстері», «Көңілді ноталар», «Үй шаштаразы». Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды Тоғызқұмалақ ұлттық ойынына үйрету бойынша топ ашылды», – дейді Ирина Шмик.
Біздің білікті ұстаздарымыз – таптырмас романтиктер, құштар адамдар, нағыз энтузиастар. Олар үнемі әдістемелік және кәсіби өсуге дайын», – деп атап өтті оқушылар сарайының жетекшісі.