Шахтинскіде гараж өртеніп, 6 көлікке зақым келді

Фото: Қарағанды ​​облыстық ТЖД

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды ​​облысының өрт сөндірушілері Шахтинск қаласында гараж өртін сөндірді. Қызыл жалын шарпыған нысанның ішінде алты көлік болған.  

Өрт Шахтинск қаласында Амангелді көшесінде болған. 

– Бір көлік толығымен жанып кетті. Гараж ішіндегі бес көлік жартылай зақымданды. Өрт 100 шаршы метр аумақты қамтыды. Тілсіз жау 16:13-те толық сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталуда, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Фото: Қарағанды ​​облысының төтенше жағдай департаменті

Өртті сөндіруге 14 адам мен 3 техника жұмылдырылды.