Шахтинскідегі газ жарылысы: қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Шахтинск қаласындағы тұрғын үйде болған газ-ауа қоспасының жарылысына қатысты жаңа деректер белгілі болды. Полиция қылмыстық іс қозғап, 40 жастағы күдіктіні ұстады.

Фото: Рixabay

Еске сала кетсек, оқыс оқиға Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болған. Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллонының жарылып, артынша пәтердегі жиһаз бен тұрмыстық заттар отқа оранған. Оқиға орнына 4 минутта жеткен өрт сөндірушілер жедел түрде эвакуация шараларын ұйымдастырып, жоғарғы қабаттардан баспалдақ арқылы бес адамды шығарған.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, артынан өрт шыққан. Соның салдарынан алты адам қаза тапқан. Кейінірек құрбандар саны 11 адамға дейін өсті.