Шахтинскіде ішкі істер органдарының жауынгерлік даңқ музейі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 сәуір күні Шахтинск ішкі істер бөлімінде жауынгерлік және еңбек даңқы музейінің ашылуы өтті.

Қызыл лентаны қала әкімі Саржан Аймақов пен ІІД бастығының орынбасары Берікбол Хасенов  кесті, деп хабарлайды ekaraganda.kz.

1961 жылы Тентек елді мекені облысқа қарасты қалалардың бірі болып, Шахтинск деген жаңа атқа ие болды. Осы уақытта милиция бөлімшесі құрылды. Ол кезде қызметкерлер штаты 38 адамнан тұрған, қазіргі таңда бұл мекемеде 200-ден астам адам еңбек етуде. Шахтинск ІІБ-нің басшылығында түрлі жылдары ҚР Ішкі істер экс-министрі Болат Ысқақов пен Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің қазіргі бастығы Мергенбей Жаппаров болды.

Музей бірнеше залдан тұрады. Ондағы экспонаттардан тәуелсіз Қазақстанның тарихымен және ішкі істер органдарының құрылымымен танысуға болады. Бұл жерде жазатын машинкалар, КСРО көсемдерінің бюсттері мен портреттері, кеңестік азаматтардың төлқұжаттары толтырылған қаламұштар және тағы басқа қызықты дүниелер бар.

Музейдегі көптеген бұйымдарды, соның ішінде медальдар мен киім-кешектерді, ескі құрылғыларды ішкі істер органдарының ардагерлері берген.

«Өте керемет бастама. Негізі қаланды, ал материалдар саны уақыт өте көбейеді деп ойлаймын», - деді Берікбол Хасенов.

Айта кетейік, мұндай музейлер облыстағы көптеген ішкі істер бөлімдерінде ашылған. Тарихи-мәдени нысандарға әдетте ашық есік күндері аясында жас қызметкерлер мен мектеп оқушылары барады.