Ағымдағы жөндеу жұмыстары тағы бір қазанагрегат, турбоагрегатор, байланыс трансформаторы мен бірнеше майлы сөндіргіштерінде өткізілді.
Бұған қоса, отындық-көлік цехының, бульдозерлердің, қосымша құрылғылардың, сорғылар, сүзгілер, бактардың жабдықтары қалпына келтірілді.
Жазда цехтардағы жарықтар, жылу және магистралдық желілердің құбырларындағы ақаулары бар учаскілері жөнделді.
Қазіргі таңда №4 қазандықтың күрделі жөндеуі аяқталуға жақын. Қалған екеуі жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын директоры Руслан Байниязовтың айтуынша ол екеуі бекітілген температуралық режімді сақтауға мүмкіндік береді.
«Әзірге ауа райы қатты суық емес, екі қазандықтың қуаты жеткілікті. Әдетте, біз үшінші қазандықты ауа температурасы -25-тен төмен болған жағдайда қосымша қосамыз. Жөндеу жұмыстары жоспарға сай өтіп жатыр, сондықтан аяздар басталарда барлығы дайын болады», - деп сендірді ол аймақ басшысын.
Сондай-ақ, ғимараттың зақымдалған шатыры жөнделді. Кәсіпорын директоры жұмыс сапасы үшін кепілдік беріп, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановқа биылғы жылы қиындықтар болмауы тиіс деді.
Қазір «Шахтинсктеплоэнерго» кәсіпорнында қажетті көмір және мазут қоры бар. Қатты отын - 20 күнге, мазут 110 күнге жетеді.