Осы уақытқа дейін мұражай бұл фотосуреттің көшірмесін қолданып, суретте Шәкәрімнің өзі бейнеленген фактісі нақты болмай келсе, мәскеулік архивте табылған құжаттың артында суреттегі адамның есімі мен түсірілген мерзімі жазылған екен.
Фотосуреттің авторы орыс зерттеуші Федор Фиельструп болып шықты. Оның материалдарында зерттеушілер қазақ данышпанымен кездесу туралы және Шәкәрімнің өз аузынан шыққан ақпараттар кездеседі. Әйгілі қазақ ақыны ғалымға бүркітпен аң аулау және қазақ халқының сүт тағамдары туралы баяндаған. Сонымен қатар, Музей қызметкерлері Шәкәрім тұрған ауыл бейнеленген 30 фотосуреттің көшірмесін алып келді.