деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ираклий Квирикадзе жетекшілік еткен құрамына Андрей Герасимов пен Ермек Тұрсынов енген қазылар алқасының шешімі бойынша Гран-При Польша режисссері Катаржина Росланиецтің «Сауда орталығының қыздары» фильміне берілді. Ал қазылардың арнайы жүлдесі Тимур Исмаиловтың «Бинго» (Голландия) және Василий Сигаревтің «Зырылдауық» (Ресей) фильмдері иеленді. Онда «Жастар киносы» секциясында «Қысқа метражды ойындық кино» аталымында Сергей Грозновтың «Біз теледидар көрдік» және «Қысқаметражды ойындық емес кино» аталымында Анна Драницицынаның «Қашан мен миллион ұтып алам» (Ресей) және «Толықметражды ойындық емес кино» аталымында Эльнура Осмоналивпаның «Алмаз» (Қырғызстан) фильмдері үздік шықты. «Дебюттар» секциясында «Георгий Овашвилидің «Басқа жағалау» (Грузия-Қазақстан), «Студенттік кино» секциясында «Ойындық қысқа метражды кино» жүлдесі Серік Әбішевтің «Май» (Қазақстан) және «Ойындық емес қысқа метражды кино» жүлдесі Алижан Насировтың «Қоныс» (Қырғызстан) фильміне берілді. «Халықаралық панорама» секциясында Хомаюн Муруваттың «Жұмақтың алмасы» (Ауғанстан) жүлделі болды. Сондай-ақ қазылардың ұсынуы бойынша кинофестиваль дирекциясының арнайы жүлдесі Аталау Ташдикеннің «Момо - менің қарындасым» (Түркия), «Нұр-Отан» ХДП жүлдесі Мадина Бакееваның «Тіршілік жүйесі», Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жүлдесі Олжас Исаевтың «Трасса-09» (Қазақстан) фильміне берілді. Қазақстан Кинематографистер одағының жүлдесін Дарья Емельянованың - «Өмірді аңсау» (Ресей), Қазақтың Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының жүлдесін Алижан Насировтың - «Қоныс» (Қырғызстан), ал журналистердің тәуелсіз қазылар жүлдесін Ленна Либертаның «Өтінімін, отырыңыз» (Германия) фильмі еншіледі.