Шакираның Бішкектегі концерті өтетін күн белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемге әйгілі колумбиялық әнші Шакира 18 қазанда «Бішкек Арена» жаңа стадионында концерт өткізеді. Бұл туралы ҚР Президентінің Іс Басқарушысы Каныбек Туманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Фото: instagram.com/shakira

Әлемдік жұлдыз алғаш рет Орталық Азияда Las Mujeres Ya No Lloran World Tour әлемдік туры аясында өнер көрсетеді.

Билеттер 1 қазанда сағат 9:00-де @gov.ticket сайтында сатылымға шығады.

Бұған дейін Шакираның Қырғызстандағы алдағы концерті туралы хабарланған болатын. Сол кезде ұйымдастырушылар мен Қырғыз тарапы алдағы шоудың егжей-тегжейін, оның нақты күніне қатысты келісім жасаған болатын.

Еске сала кетейік, 31 тамызда Қырғызстан астанасындағы жаңа «Бішкек Арена» стадионында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Онда америкалық танымал әнші Николь Шерзингер өнер көрсетті.