Ол төрт жыл бұрын концерттен кейін инсульт алып, комаға түскен болатын.
55 жастағы Серати 1980 жылдары испантілді атақты «Soda Stereo» тобының әншісі болған. Топ тарағаннан кейін, Серати жеке шығармашылығымен айналысты. Бұдан басқа, рок-әншісі Шакира сияқты жұлдыздардың продюсері болып жұмыс істеген.
Ол Грэмми және MTV-дің бірнеше сыйлағының иегері.