Шәкіров Орталық Азия БҰҰ АҚЖКБ өңірлік өкілдігі орынбасарымен елдегі адам құқықтары жайын талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Орталық Азия БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссар баскармасының өңірлік өкілдігінің орынбасары Беатрис Ференсимен кездесті.

Кездесудін мақсаты елдегі адам құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Омбудсмен мекемесі мен АҚЖКБ арасындағы ынтымақтастық мәселелері болды.  

Азаматтардың қонституциялық құқықтарын іске асыру саласында Омбудсмен қызметінің мәселелері жөнінде, оның ішінде әлеуметтік, экономикалық, еңбекті, тұрғын үй, халықтың осал топтарының құқықтары, сондай-ақ БҰҰ конвенциялық органдарының ұсынымдарын жүзеге асыру жөніндегі қабылданған шаралар туралы  әңгіме өрбіді.  

Екі жақ Қазақстанның ұлттық құқық қорғау мекемесінің құқық қорғау қызметінің жекелеген бағыттары бойынша тәжірибесі, оның басқа елдерде енгізуіне белгілі қызығушылық таныту мүмкін екендігін атап өтті. 

Келіссөздер  қортындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың қажеттілігі туралы, оның ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің институционалдық күшейту саласында ортақ пікір білдірілді, деп хабарлайды ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің баспасөз қызметі.