Шақпақпен ойнаған бала отқа күйіп қалды - Семей
17:51, 21 Желтоқсан 2009
СЕМЕЙ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Отпен ойнаған баланың шалағайлығы Семей аймағының Прииртыш ауылындағы екі жасар сәбидің қарны мен кеудесін күйдіріп алуына себепші болды.
Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің хабарлауынша, желтоқсанның 20-сында сағат 21.30-да төтенше жағдайлар бойынша жедел қызмет кезекшілері Семейдегі облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінен жансақтау бөліміне 2007 жылы туған сәбидің үшінші дәрежелі күйікпен түскені туралы хабар алды. Денесінің үстіңгі қабатының 4-5 пайызын күйік шалған.
Тексеру жүргізілгеннен кейін баланың шақпақпен ойнағаны анықталды.