Шала туған нәресте тікұшақпен Екібастұздан Павлодарға жеткізілді

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жүктіліктің 31-аптасында туған шақалақ облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, шала туған нәрестені санитарлық авиация көмегімен жеткізу туралы өтініш 31 желтоқсанда түнгі сағат 04:30-да келіп түсті. Баланың тыныс алуы қиындап, тумасынан пневмонияға шалдыққаны анықталды.
Облыс орталығынан неонаталды бригада жеткізілді. Бір сағат ішінде сәбидің жағдайы тұрақтандырылып, содан соң Павлодарға жеткізілді. Сағат 11:00-де нәресте перинаталды орталық мамандарының қолына берілді.