ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, Шалабай станциясы № 351/352 жолаушылар пойызы ғана жүретін Шар-Өскемен теміржол магистралі бойында орналасқан. Бұның алдында жолаушылар пойызы аталған станцияға теміржол инфрақұрылымының тиісті стандарт талаптарына сәйкес келмеуіне орай аялдамайтын. Пойызға отыру үшін жергілікті тұрғындар жақын жерде орналасқан (60 км) теміржол стансасына дейін бірнеше шақырым жүріп баратын. Қазіргі күні бұл мәселе оңтайлы шешіліп отыр.
Бүгінгі күні Пойыз қозғалысының кестесіне өзгерістер енгізілді. Жаңа станцияда пойыз үш минут, ал Өскеменнен Алматы -2 бағдарында екі минут тұрады.