Сот мәліметінше, оқиға 24 тамызда сағат 09:28 шамасында Мәңгілік Ел даңғылындағы Азаматтарды қабылдау орталығында болған. Азамат Ж. металл іздегіштен өту кезінде шалбарын шешіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.
Сот отырысында ер адам кінәсін мойындамай, әрекетін әзіл ретінде жасағанын айтқан. Алайда оның кінәсі іс материалдары мен оқиғаның бейнежазбасымен дәлелденді.
— Сот Ж.-ны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл тағайындады, — делінген хабарламада.
Сот жаза белгілеу кезінде құқық бұзушылықтың сипатын және азаматтың қоғамдық тәртіпке анық құрметсіздік танытқанын ескерді.
Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Астанада 20 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы әшкереленгенін жазғанбыз.