Акция шеңберінде терапевт, фтизиатр және басқа да мамандардан құралған жұмылдыру топтарының шалғай елді мекендерге шығуы ұйымдастырылытын болады. Ауыл тұрғындары туберкулез және АИТВ/ЖИТС сияқты әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша кеңес алып, сонымен қатар тегін зерттеуден өте алады, деп хабарланған ҚР ДСӘДМ сайтында.
Акцияның мақсаты қоғамның және мемлекеттік органдардың назарын ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға және нығайту мәселелеріне аудару, сонымен қатар ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, мінез-құлық факторларымен түсіндірілген әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету болып табылады.
Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейін төмендету және АИТВ-инфекциясының таралуын шегінде ұстау «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты болып табылады.