ОРАЛ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы Бірлік ауылында №5 «Жеткіншек» балабақшасы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш мақсатқа «Жол картасына» сәйкес 25 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын «Орал-бекіре» ЖШС жүргізді. Екі қабатты, елу орындық нысанда балдырғандар үшін барлық жағдай жасалған.
Биыл «Жол картасына» орай Мәстексай ауылында №2 «Алтын сақа» балабақшасына да 25 млн. теңгеге күрделі жөндеу жасалған болатын. Сондай-ақ жергілікті бюджеттің 14,8 млн. теңгесіне Жаңақазан ауылында №1 «Айгөлек» балабақшасы қайта ашылса, Бірлікте 35 млн. теңгеге мәдениет үйі жөнделді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).