Шалғайдағы ауылдың балаларына жаңа мектеп есік ашты - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қазалы ауданының Кәукей атты алыстағы ауылында жаңа мектеп үйі есігін айқара ашты.

Сметалық құны 520 млн. 947 мың теңге болған білім ордасы облыстық бюджеттің есебінен салынды. Оны бас мердігер «Қаза­лы Құрылыс» ЖШС 14 айда салып бітірді. Жалпы, 5 блоктан тұратын мектеп жаңа технология бөлмесі, зертхана, мәжіліс залы, оқу кабинеттерінен құралған. Дизель отыны арқылы жылытылатын 2 кіші бу қазандығы, қосымша трансформатор, қосымша стансы орнатылған. Мектепте кең спорт залы мен асхана бар.