Державинск қаласындағы стадионның құрылысы үшін «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы бюджеттен 100 миллион теңге бөлінген. Нысан 1 500 көрерменге арналған. Стадионда футбол, 400 метрге жүгіру, ядро лақтыру, волейбол, баскетбол тәрізді спорт түрлеріне қажетті жарыс алаңдары бар.
Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Азамат Баймулдиновтың айтуынша жақында мұнда Ақмола облысының 30-шы «Ақ бидай» спартакиадасы өтеді деп жоспарланған.
Жарысқа облыстың әр өңірінен келген командалар қатысып, футбол, волейбол, шахмат, дойбы, үстел теннисі, жеңіл атлетика, отбасылық старттар тәрізді спорттың 7 түрі бойынша күш сынасатын болады.