Шалқар көлінде үш адам құтқарылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Шалқар көлінде үш адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 28 тамыз күні Теректі ауданы Сарыөмір ауылы маңындағы Шалқар көлінде болды.

Сағат 17.08-де жедел құтқару жасағына көлге демалуға келген үш ер адамның жағадан бес шақырымға ұзап кеткені жөнінде хабар түскен.

Анықталғанындай, алдымен екеуі қайықпен ұзап кеткен. Оларды құтқарам деп тағы бір ер адам қайықпен шыққанымен, жете алмай, қатты толқынның салдарынан суға секірген. Оның денесі құрысып, суда 20 минуттай тұрып қалған.

Жедел құтқару жасағы қызметкерлерінің тез іс-қимылы нәтижесінде үшеуі де құтқарылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Кейін олар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Үш адамның жақындары құтқарушыларға алғысын білдірді.