Ұлыбританияның TEREXS компаниясының өндіріске негізделген үш бөлікті алып агрегаты қазір Қаратаудың етегінде тас майдалап шығаруға кірісті. Өндірістік сұранысқа сай 6 фракция бойынша майда тас дайындайтын зауыт енді «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолын салушыларға қиыршық тас даярлап берумен айналысады. Кешеннің ашылу салтанатында сөйлеген аудан әкімі Бекмырза Еламанов республикалық тізімге енген облыстағы 12 инвестициялық жобадан бөлек 4 өңірлік бағдарламаның Жаңақорған жерін қамтитынына тоқтала келіп, мұның жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға біраз мүмкіндіктер беретінін тілге тиек етті.
10:43, 04 Шілде 2010
«Шалқия-Неруд» тағы бір кешенді іске қосты -Қызылорда облысы
nbsp;ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жаңақорған ауданының жеріндегі «Шалқия-Неруд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Астана күні мерекесі қарсаңында өнімділігі сағатына 300 тонналық жылжымалы тас майдалаушы кешенді іске қосты.