Қазіргі уақытқа дейін 7 баладан жоғары туған 15 ана «Алтын алқа», 6 бала туған 30 ана «Күміс алқа» медалін алды. Кенттегі осындай көпбалалы аналар қатарына тағы бір ана қосылды. Ол - №86 орта мектептің техникалық қызметкері Күлейхан Тұрлыбекова. Оған кент аппаратының бас маманы Е.Болғанбаев «Күміс алқа» медалінің куәлігін салтанатты жағдайда табыстады.
11:47, 15 Қыркүйек 2010
Шалқияда бала туу көрсеткіші өсіп отыр - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Шалқия кентінде биылғы жылдың осы мерзіміне дейін 36 бала дүниеге келді. Бүгінгі таңда кент аумағында 38 «Алтын алқа», 36 «Күміс алқа» медаль иелері бар.