Онда құны 165 млрд. теңге тұратын инновациялық тік-конвейерлі руданы шығару технологиясы қолданылады. Толықтай іске қосылған кезде мың бес жүз (1500) жаңа жұмыс орны ашылады.
«Шалқия» тәуелсіз елімізді әлемдік мырыш нарығындағы негізгі өндірушіге айналдырады. Өнімге деген сұраныс өте жоғары.
Кен орны Жаңақорған ауданында орналасқан. Кәсіпорын 2018 жылдан бастап 2 млн. тоннаға дейін кен өндірсе, 2020 жылдан бастап оның қуатын жылына 4 млн. тоннаға дейін жеткізеді. Нарықта оның өнімдерін ТМД елдері мен алыс-жақын өзге де мемлекеттер пайдаланатын болады. Әуелде мың жарым адам жұмыспен қамтылса, мердігер компанияларды тарту барысында тағы да мың адам қамтылады деп межеленіп отыр.