Шалкөде жайлауында шопандар тойы өтті

Фото: None
НАРЫНҚОЛ. ҚазАқпарат - Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Шалкөде жайлауында шопандар тойы өтті. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шарада үздік малшылар марапатталып, қымызмұрындық мерекесі тойланып, ол ұлттық ат спорты ойындарына жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теңіздеңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан Шалкөде жайлауында бір кездері 500мыңға дейін қой жайылған. Ел-жұрт жайлауға көшіп, дүбірлі той өткізіп, шопандартойын ерекше атап өтетін. Игі дәстүрді былтыр өз алдына еншісін алып қайтақұрылған Райымбек ауданының басшылығы қолға алып, жандандырды. Аудан жұртшылығыда бірден қолдап кетті. Шопандар тойы аясында ауданның мал шаруашылығынасылдандыру, және мал өнімдерін арттыруға бағытталған семинар-кеңес өтті.Қазақстандық ғалымдар мал тұқымын асылдандыру бойынша тәжірбиелерімен бөлісіп,өнімділікті арттырудың алғы шарты ғылыммен тығыз жұмыс істеу керектігін айтты.Қазіргі таңда ауданда қой-ешкі саны 310 мыңға жуықтады. Ірі қара саны 60 мыңболса, жылқы 40 мыңға жетті. Салтанатты жиын барысында үздік нәтиже көрсеткенбірқатар малшылар марапатталды.


Сондай-ақжайлау тойы аясында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауыменқымызмұрындық мерекесі де атап өтілді. Желіні майлап, биені байлап, қымызашытып, дастархан мәзірін ұсынған аудан жұртшылығына жиналған қонақтар тәнтіболды. Айта кету керек, жайлауға ерінбей көтерілген қауым қатарында атақты спортшылар,ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен журналистер қауымы көп болды. Шарасоңында «Жетісу жүйрігі» атты ІV облыстық ат спорт ойындары ұйымдастырылды.Бәйгенің бірнеше түрінен жарыстар өтіп, қонақтар қыз қуу, аударыспақ, қазақкүресі, қошқар көтеру және тазы жүгірту сияқты ұлттық ойындарды тамашалады.




Соңғы жаңалықтар