«Шамалған стансасында жол өтпесінің ұзындығы 6 шақырымды құрайтын құрылыс учаскесі әр бағытта 2 жолақтан 4жолақты қозғалысқа лайықталған 1 санаттағы жол ретінде жобаланған. Темір жол қиылысу орнында ұзындығы 340 метр болатын эстакада жобасы әзірленді. Бұл жол қозғалысы қатысушыларына автомобиль жолының аталған учаскесін еш кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді», - деді комитет басшысы.
Оның айтуынша, қазіргі таңда жобалау-зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын.
«Мердігер компания жол-құрылыс техникасы мен тиісті жабдықтарды жұмылдыруда. Инертті материалдар дайындалып жатыр. Эстакада бөлігіне іргетас салу жұмыстары басталып кетті»,- деді С.Бармақов.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 15 қыркүйек күні Шамалған стансасында пойыз рельсте тұрып қалған автобусты келіп соққан еді. Апаттан автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам зардап шекті.