Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қарасай ауданының Шамалған ауылында түнгі сағат екі шамасында болған.
«17 тамыз күні түнгі сағат 02:15 шамасында 38 жастағы тұрғын отбасылық жанжал кезінде әйелінің сіңлісіне пышақ жарақатын салған. 19 жастағы жәбірленуші ауыр дене жарақатымен ауруханаға түсті. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 106-бабының 1-тармағы яғни, денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталған күні қамауға алынды. Бірақ 18 қыркүйек күні тергеу сотының шешімімен қамау үйқамаққа өзгертілді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазір тергеу жүріп жатыр.