Бұл туралы журналистерге шұғыл брифинг өткізген ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Қамалиев мәлім етті.
«Түркиядағы жағдайға байланысты, біз Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды және Орал қалаларының әуежайынан 13 рейсті кейінге шегердік. Ұша алмай қалған жолаушылардың саны шамамен 2300 адам. Эйр Астана және Скат әуе компанияларының тоғыз рейсі мен төрт түркиялық әуе тасымалдаушының рейстері кешіктірілді»,-деп хабарлады Б.Қамалиев.
Вице-министрдің айтуынша, Сыртқы істер министрлігімен кеңес өткізген Азаматтық авиация комитеті әзірге кешкі сағат 19.00-ге дейінгі рейстерді кейінге қалдырған.
«Қазір Сыртқы істер министрлігімен ақылдаса отырып, алдын ала сағат кешкі 19.00-ге дейінгі рейстерді толық шегердік. Сағат 16.00-де жағдайды қосымша баяндаймыз»,-деді Б.Қамалиев.
Естеріңізге сала кетейік, 16 шілдеге қараған түні Түркияда әскери төңкеріс әрекеті жасалған.