АСТАНА. KAZINFORM - Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шамиль Ожаев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында 1/4 финалға шықты, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Шамиль Ожаев 87 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында ирандық Голамреза Фарохисенджанимен белдесіп, басым түсті.
Отандасымыздың ширек финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.
Айта кетейік, бұған дейін Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) ширек финалға өткен еді.
Елдос Сметов бүгін Азия ойындарындағы белдесуін бастайды.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.