Шампан ашпақ болған Словакиядағы партиялардың бірінің көшбасшысы қылышпен жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словакияда «Бостандық пен ниеттестік» партиясын басқарып отырған Рихард Сулик жиырма бірінші ғасыр үшін сирек кездесетін қылыш жарақатын алды.

Оқиға Словакия парламентіне сайлаудың қорытындыларын алдын ала жариялауға қатысты ұйымдастырылған салтанат кезінде орын алған. Шараға қатысушылардың бірі шампан бөтелкесін гусарлықтай ашпақ болғанда Рихард Сулик жарақаттанып қалды, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл оқыс оқиғаны көргендердің айтуынша, партия көшбасшысы ыңғайсыз жерде тұрған. Шампан бөтелкесіндегі жабындыны қылышпен шауып түсіру үшін соққанда оның ұшы саясаткердің қолына жанай тиген.

Жарақат ауыр болған жоқ. Суликті қолына сол жерде ем-дом жасалып, одан кейін ол штаб-пәтеріне кетті.